Ортаазиялық қабан (sus scrofa nigripes) - шошқа тұқымдасына жататын қабан тұқымдасының жұптұяқты сүтқоректісі.
Қабан парктің барлық кластерлік учаскелерінде кең таралған. Жануар ғылыми техникалық кеңеспен индикаторлық түр болып бекітілген. Қабандар батпақты және сулы жерлерге жақын орналасуға тырысады.
Бұл жануарлардың көру қабілеті нашар, бірақ олардың иіс сезу қабілеті жоғары дамыған. Олар жарты шақырымнан иіс сезе алады. Жануардың есту қабілеті де өте күшті дамыған.
Түнде өте белсенді. Ересек еркектер мен аналықтарды қоспағанда, топтап жүреді.
Бұл түрдің мінез-құлқының ерекшелігі-қорғаныс, торайлары жанында бар немесе жоқ болуы маңызды емес, шабуылдай береді.
Қызықты факт: ересек қабандарда азу тістерінің ұзындығы 25 см-ге дейін өсуі мүмкін. Олардың орташа ұзындығы-15-17 см. Адамдарға шабуыл жасап, олар өздеріне қауіп төндірмеу үшін бәріне барады.
Естеріңізге сала кетейік, ЕҚТА-да аң аулаудың кез-келген түріне тыйым салынған.