Мемлекеттік инспекторлар рейдтік іс-шаралар жүргізуде
Табиғи кешендер мен обьектілерді күзету бөлімінің жылдық жоспарына сай Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда:
- табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы;
- аумақта болу ережелерін сақтау тақырыптары бойынша бақылау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұлттық парк мемлекеттік инспекторларының қызметтік міндеттемелерінің бірі. Әр мемлекеттік инспектор жыл көлемінде өзіне бекітілген аумақта бұл қызметті атқаруда.
Қазанның 3-7 аралығындағы рейдтік шаралар кезінде аумақтарда табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
✍️Ұлттық парк баспасөз қызметі