Тарбағатай ұлттық паркінің ғылыми қызметкрелері үшін биыл жемісті ерекше жыл деп айтуға болады. Өйткені 2019-2021 жылдар аралығында өте сақ жануар сабаншы жануарының тіршілік ету мекенін аса анық түспеген ізі мен жергілікті жердегі бақташы адамдардың көрдік деген ауыз екі сөздеріне сүйене болжамды жорамалмен тізімдеу жұмыстарын жүргізіп жүрсек, биыл 2022 жылы 5 қазанда Сабаншы ( лат.Felis manul, Pallas) – сүтқоректі жануарлар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жабайы мысықтардың арасындағы дене мөлшері ең кіші, үй мысығынан үлкендеу түрін екінші рет кездестіріп, тіпті нақты дәлелді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін "Тарбағатай" (зоологиялық)қаумалының мемлекеттік инспекторларының көмегімен дене ұзындығы 60 см, екі құлағының маңдай сүйек ортасы -8 см, құлағының ұзындығы-3 см, құйрығының ұзындығы-20 см, алдыңғы аяғы-19 см, артқы аяғы-20 см, бой биіктігі-26 см, түгінің ұзындығы- 4 см өлшемдері өлшенді.
Сабаншы тірі жануарлар ерекшелігіне тән айбат шегіп, өткір тырнағымен тырмаланып, дене тұрқы өлшемдерін жасағанға қатты қарсылық білдірді. Дегенмен де бұл жұмыстар қатары жүргізілді.
Сабаншының жай-күйі жақсы, тоқ, дене салмағы ауыр болғандықтан және өзіне қауіп төнді деген қорқыныштан денесімен жер бауырлап қимылсыз жатып алып айламен жасырынбақшы мінез танытты. Осы айласына қарамастан дене мүшелері мен дене тұрқының өлшемдерін жасалды. Айлалы, айбатты, сезімтал сабаншы жануарының кездесу координаты 47.16600 ͦ N. 84.20319 N.
Ал осы жылдың 5 желтоқсанында қардың түсімі 20 см биіктіктегі мөлшерде болғанда, осы аумақта сабаншы жануары тағы кездесті. Бұл жолғы сәтті кездесуде оны алыстан байқау күзге мезгіліне қарағанда оңайға соқты. Өйткені аппақ қармен оранған далада оны байқамау тіпті мүмкін емес еді. Бір жылда осы аумақта 3 рет кездескен сабаншы жануарының құтты мекені осы жер екені нақты тұжырымдалды. Сабаншы ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет ететін жабайы жануардың түрі болғандықтан, таралу саны көп емес жануарға алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмысы жалғасып, оның тіршілік әрекеттері туралы ғылыми деректер толықтырылып, бақылау жүргізілетін болады.