Ағымдағы жылдың қаңтар айының 5-і күні ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаев аудан әкімінің шақыртуымен жедел штаб отырысына қатысты. Қозғалған мәселе қарлы боранның салдарынан Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта хабарсыз кеткен 3 адамнан тұратын отбасын іздестіру шараларын ұйымдастыру. Құтқарушылар тобына ұлттық парктен мемлекеттік инспекторлар К.Оспанов, Е.Скаков, А.Арынгазин, Е.Тусупбеков жұмылдырылды.
Жедел әрекет нәтижесінде хабарсыз кеткен отбасы аман-есен табылды.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.
Хабарсыз кеткен отбасы аман-есен табылды
- Толығырақ
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры