«Тарбағатай»(зоологиялық) қаумалының орман шебері Аманғазин Думан Отанбекұлы мастерлік айналымының мемлекеттік инспекторларымен жиналыс өткізіп, айлық есеп қабылдады. Жиналыс барысында әрбір мемлекеттік инспектор күнделікті атқарған жұмыстары, өздеріне белгіленген аумақтарда қандай өзгерістер бар екені, кездестірген құстар мен жан-жануарлар туралы, сондай-ақ кезекті рейдтер барысында ешқандай құқық бұзушылық орын алмағандығы туралы баяндады.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.