24.01.2023 жылы сағат 9:00-де Үржар ауылының тұрғындарынан Үржар аудандық ауруханасының аумағында елік шыға алмай жүргені туралы хабарлама келіп түсті. "Тарбағатай" МҰТП қызметкерлері ақпарат ала сала оқиға орнына дереу аттанды. Ұлттық парк қызметкерлері келген кезде жануардың қалың қарға батып, өздігінен қозғала алмай тұрғаны анықталды. Елікті ұстағаннан кейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорыққан жануар ұрғашы, әрі жас Сібір елігі болып шықты. Жануарды тексеру кезінде ешқандай зақым анықталмады, еліктің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Тексеруден кейін жануар қауіпсіз жерге жеткізіліп, еркіндікке жіберілді.
Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің аңшы-биологы Елена Красон.
Фото және видео материалдар автордікі.