Кәдімгі тілеміш (Buteorufinus) - сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Денесі 55-тен 65 см-ге дейін, ал қанаттарының ұзындығы 126-155 см-ге дейін жетеді. Ұлттық парктің территорясында кәдімгі тілеміш таулы және ашық ландшафттарда, сонымен қатар далалар мен шөлейттерге дейінгі аралықта мекендейді. Айналаны анық байқау үшін кәдімгі тілеміш ұясын биік жерлерде салғанды жөн көреді. Сондай-ақ, ағаштары сирек кездесетін аймақтарда ұяларын жерге немесе электр бағанасына салады. Сәуір айының алғашқы жартысында ұяларына 2-5 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ұяда 50 күнге дейін қоректендіреді де, маусым айының соңында ұша бастайды.
Аулауға тыйым салынады.
🖋 Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова
📷 Профессор, б.ғ.к К.П. Прокопов
Кәдімгі тілеміш
- Толығырақ
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры