Ертеде Еміл өзенінен 14-15 шақырымдай жерде тарихта жоңғар деп аталған қалмақтардың қалашығы болған, яғни Жоңғар-Қалмақ хандығының орталығы. Бұл біз ойлағандай үлкен шаһар емес, жиналып, ішкі-сыртқы саясат жөнінде құрылтай өткізетін орталық іспеттес қалашық болған сияқты. Орнында үйіліп төбешік болып қалған ескі тамдар, жер ошақтар, тот басып, шіріген темір-терсектер қалған.
Тарихи жазбаларда да Тарбағатай алқабы мен Еміл өзенінің атырабы жоңғарлардың ертеде мекен еткен жерлерінің бірі деп көрсетілген. Яғни, Орыс-Қытай шекарасы белгіленбей тұрып бұл маңда ойраттар тұрақтаған. Бұған дәлел Қытайдың «Шәуешек» қаласы қалмақтың «тостаған» деген сөзі. Ал өзіміздің «Тарбағатайға» келсек, ол да жоңғар-қалмақтардың «суырлы тау» деген термині. «Еміл» сөзі де ойрат тілінде «жайқын су» деген мағынаны білдіреді.
Көне-көз қарттардың айтуынша, Еміл өзені суы мол, ағыны атты адамдарды ағызып әкеткен өзен болған. Қытай қазақтары арасынан шыққан қайраткер, Шыңжаңдағы Тарбағатай аймағының алғашқы уәлиі (губернаторы) Баспай (Башпай) сол кездерде Еміл өзеніне көпір салдырған («Баспай көпірі»). Аталмыш өзен бастауын Қытайдың Ұрқашар баурайындағы бұлақтардан алып, өзіміздің Алакөл көліне құятын трансшекаралық өзен. Сол себепті Қытайда халықты сумен қамту, экономиканы дамыту, шөл даланы игеру мақсатында өзен бұрмаланып, суы азайып, арнасы тарылған.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.
Видео түсірілім жасаған А.Зейнолда.
Пресс-секретарь А. Кобенова.
Видео снято А. Зейнолда.