«Тарбағатай» МҰТП-нің заңгері және Әдеп жөніндегі уәкілі - Н.А.Дүйсекенов, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы Р.С.Смаилов, орман қорғау инженері М.Е.Малгельдинов «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалы аумағына іс-сапармен барып, мемлекеттік инспекторлардың жұмыс барысын, күнделіктерін тексеріп, ой-пікірлерін тыңдап, жиналыс ашты.
Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларға жоспарлы түрде мекеменің, әдеп кодексінің, әдеп нормаларын сақтау туралы дәріс-сабақ лекциясын жүргізіп, онда: адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, Мемлекеттік мекемеде қызмет істеп отырғандықтан, заңнамадағы тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс екендіктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, біздің мекемемізде де сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, мемлекеттік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу керектігінің маңызы зор екендігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктіру керектігі жеткізілді.