Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, олардың 50-ге жуық түрлері бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері де кездеседі. Салмағы орташа 0,1- 4,5 кг, дене тұрқы 12-75 см болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқандықтан, ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқауға мүмкіндік береді. Қояндардың тістері өткір келеді. Олар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды себебі, бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Көктем мен жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар ағаш қабығын кеміреді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіс алқаптарында, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді.
Қояндардың ұзын құлақтары жаздың ыстық күндері дене қызуынан қорғануға көмектеседі. Олар денеден жылуды белсенді түрде шығарып отырады. Жаңбыр кезінде құлақтарына су кірмеу үшін және суықтап қалмау үшін құлақтарын ішке қарай бүгіп алады. Олар сағатына 50 км жылдамдықпен қаншама қашықтықтарға дейін артқы аяқтарымен секіріп жүре алады. Қояндардың тістері өмір бойы өседі. Қорегін кемірген сайын қажалып, әрдайым өсіп отырады. Қояндар негізінен шөптесін өсімдіктермен ғана қоректенбейді, сонымен қатар етпен де қоректенеді. Сондай-ақ, олар өте белсенді түрде көбейетіндіктен әлі күнге дейін жойылып кеткен жоқ. Адамдар қояндарды қорқақ және әлсіз деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде, қояндар өз қарсыласын қатты жарақаттай алады.
Фото ғаламтордан алынған.
Ғылыми қызметкер Айгерім Шәріпқанова.