2023 жылдың 26-наурызы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Э.Баженов пен Н.Абайхан Семей қаласының Өлкетану қонақ бөлмесінде қызметкерлерімен бірлесіп «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы,«Ұлттық паркіміздегі туризм саласы» және «Өлкетанушылардың табылған заттары» тақырыбында облыстық іс-шара өткізді. Іс-шараға Семей қаласының жергілікті тұрғындарымен қатар, Жапония мемлекетінен келген тарихшылар да қатысты. Қонақтарды Тарбағатай тауы, ондағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен «Әлет» алма бағы қатты қызықтырды.
«Парктер шеруі — 2023», «Ұлттық паркіміздегі туризм саласы» және «Өлкетанушылардың табылған заттары»
- Толығырақ
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры