Наурыз айының 28-і күні Үржар ауылының орталығында орналасқан Батырлар аллеясының алдында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатымызды тамашалауға «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығынан және «Семей орманы» МОТР» РММ-нің «Тау дала» филиалы Аягөз орманшылығынан құрметті қонақтар келді.
Аталмыш шараны өткізуге ұлттық парк ұжымымен қоса, Үржар аудандық және ауылдық әкімшіліктері, Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, мәдениет үйі, «Уақыт тынысы» редакциясы, Үржар тарихи өлкетану музейі, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі мен аудандық орта мектептер көмек қолын созғандықтан, барлығына білдірер алғысымыз шексіз!
@alakol_state_nature_reserve
@nurzhan_tokseitov_official
@glpr.semeyormany
@urjar_jastary
@abay_om
@aklasova.zhanar
@ishki_sayasat.urzhar
@momushuly_om_