Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы басталғалы бері іс-шараларды Үржар жастар ресурстық орталығымен және еріктілер тобымен бірлесіп атқаруда.
Семей қаласынан келген Облыстық «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Толеуканов Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлестері және қоғамдық жұмыста белсенділіктері үшін Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің бөлім басшысының м.а. Д.Керімтаеваны, экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенованы, рекреация және туризм жөніндегі инженер Д.Тоқтасынұлын, экскурсия жетекшілері Э.Баженов пен Н.Абайханды алғыс хатпен марапаттады.