Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13 бап 1) тармағының 3 тармақшасына және 4 бабының 61) тармақшасына, Орман шаруашылығы жануарлар дүниесі Комитетінің 16.03.2023 жылғы №27-5/46-НҚ бұйрығына сәйкес және «Тарбағатай» МҰТП-ның аумағындағы климат жағдайларын ескере отырып өрт қауіпі бар маусымның басталуы 5 сәуір болып бекітілді.
Өрт қауіптілігі орын алуы құрғақ және ыстық ауа райына байланысты жоғарылайды. Көп жағдайда дала өрті адамдардың абайсыздығынан пайда болады. Далалық алқаптарда өрттер демалыс орнында қараусыз, жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, тез жанғыш заттар және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.
Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағып, орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп, топырақпен көміп немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауларыңызды сұраймыз. Табиғатты қорғау –табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым табиғатты таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім...
Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталып өткен кез-келген жағдай өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
«Тарбағатай» МҰТП РММ-нің
ТКОҚ бөлімінің орман қорғау инженері
Мұрат Малгельдинов.