Сәуірдің 21-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-мен, «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ-нің Жас орманшылар одағымен, Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігімен бірлесіп «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясын өткізді. Аталмыш акция тек Үржар ауданын ғана емес, Үштөбе мастерлік учаскесін де қамтыды.
Акция барысында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне ағаш отырғызудың маңызын түсіндіру мақсатында қазақ ертегісін тыңдатып, қысқаша баяндама айтып өтті. Тәрбиеленушілер де қалыс қалмай, сахнада өздерінің әзірлеген концерттік бағдарламалары арқылы ән салып, би билеп өнерлерін ортаға салып, ұлттық парк директоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Акция соңында белсенді түрде, бірлескен ағаш отырғызу жұмыстары мен құс ұяларын ілу шаралары жүргізілді.
Ал «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ-нің Жас орманшылар одағы болса ұлттық парк қызметкерлерін ән-шашумен қарсы алып, ағаш көшеттерін отырғызуда белсенділік танытты.
Экологиялық акцияға жалпы саны 238 адам қатысты. Отырғызылған көшеттер саны 180 дана.