12-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының «Ең үздік лозунг» конкурсынын қортындысы бойынша «Туристік маршрутқа саяхат» сертификатын ұтып алған гран-при иелері «Жасыл ел» тобы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерін «Әлет» туристік маршрутына саяхатқа шықты.
Саяхатшыларға алдымен техника қауіпсіздігі туралы ақпараттандырылды.
Саяхатшылармен «Әлет» туристік маршруты бойымен саяхат жасап, табиғатты тамашалап, экскурсия барысында көптеген ақпараттарға қанық болды.
Демалыс үйінің алдына өз қолдарымен гүл көшеттерін отырғызды.
Әртүрлі ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.
Экскурсия соңында бәрі қол ұстасып, бір шеңберге жиналып, бір-бірлеріне рахмет айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.