16-мамыр күні «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен және жергілікті атқарушы ұйымдардың мамандарымен Тарбағатай ұлттық табиғи паркі туралы дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өлкеміздің табиғи, мәдени-тарихи жерлерімен танысып, ұлттық парк туристтік маршруттары бойынша ақпарат алып, сонымен қатар белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісті.
ЭАРТ бөлімі.