Сәуірдің 24-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар ауданы тарихи – өлкетану музейінде» «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық Жер күні» экологиялық акциясы КӨРМЕ ретінде өткізілді. Аталмыш акцияға Үржар ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты.
Мақсатымыз: Экологиялық мәдени деңгейді арттыру, балаларды өнердегі әр түрлі көркемдік және сәндік-қолданбалы бағыттармен таныстыру.
Балалардың экологиялық танымдық ақпарат пен эмоционалды-эстетикалық әсер алу көзі ретінде экологиялық көрмеге деген қызығушылығын дамыту.
Жасалған жұмыстар тәуелсіз алқа мүшелерімен сарапталып, қортынды жарияланды:
1 орын- Абылайхан орта мектебі;
2 орын –Мақаншы өнер мектебі;
2 орын – Абай орта мектебі;
3 орын – Б.Момышұлы орта мектебі;
3 орын – Толеубек орта мектебі;
Номинациялар:
• «Шығармашылық жұмыстардың сәйкестігі» -
• «Дизайнерлік ерекшелік»
• «Үздік көрме»
• «Креативті бұйымдар»
Сонымен қатар көрмеге балаларды дайындаған мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталды.
Экскурсия жөніндегі нұсқаушы –Баженов Э.С.