Тарбағатай тауының бөктерінде алтын түстес гүлдердің жаппай гүлдеп, табиғатқа керемет көрік беретін сәті келді.
Бұл өсімдік - Алтай күнгелдісі (Trollius altaicus). Сабағы қарапайым, сирек тармақталған, биіктігі 80-90 см-ге дейін. Тамыр үсті жапырақтары отырықшы. Биіктігі 25-30см буынға жиналған пальма тәрізді. Гүлдері шар тәрізді, сарғыш немесе алтын сары, сырты кейде қызғылт, кең жұмыртқа тәрізді, диаметрі 5см-ге дейін, Аумақта өсімдік мамыр айының ортасынан маусым айының ортасына дейін гүлдейді. Ежелден күнгелдіні халық медицинасында пайдаланады.
Фото мамыр айының 31-і күні ұлттық парк аумағында түсірілді.
Ғылым ақпарат және экологиялық мониторинг бөлім
басшысының м.а. Зарина Тюркер.