Бүгін, 01-маусым күні аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Жұмабекұлы мен Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерзат Болатұлы мен аудан әкімдігінің басқа да қызметкерлері қызмет бабымен ұлттық парк кеңсесіне ат басын бұрды.
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін ескере отырып, басшылар туған өлкеміздегі турзм саласын дамытуға ерекше назар аударды. Туризм бөлімінің қызметкерлері 3D-карта арқылы туристік маршруттардың бойында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді көрсетіп, олар туралы толық ақпараттар айтып өтті.
Дөңгелек үстел басында туризмді дамыту жолдары мен тәсілдері талқыланып, пікірлер айтылып, өлкеміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін жүзеге асырылуы керек нақты шаралар көзделді.
ЭАРТ бөлімі.