Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Бүгін 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері,жастар және Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері сағат 10.00-бір мезетте Мемлекеттік гимн орындады.
Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков қатысып, аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтың атынан мерекемен құттықтады.