Бүгін, маусым айының 10-шы жұлдызы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Алакөл көліне жол тартты.
Құтты мекенімізге келген Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлының «ALAKOL❤LOVE» resort hotel-інде демалыс орындарының иелерімен (кәсіпкерлермен) өткен жиналысына қатысты.
Жиналыс барысында ұлттық паркіміздегі туризм саласын жарнамалау мақсатында презентация көрсетіліп, 3D карта арқылы туристік маршруттардың бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы ақпараттар айтылып, брощюралар таратылды.
Жиналыс қатысушылардың қызығушылық танытып, сұрақ-жауап алмасуларымен аяқталды.
Нәтижесінде көл бойындағы демалыс орындарының иелерімен байланыс орнатып, турист тарту шешілді.
Сондай-ақ Tourist info кеңсесі іске қосылып, жарнамалау материалдары жеткізілді. Арбаттағы Led экранда «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік маршруттары туралы видео қосылатын болады.
Ұлттық парк баспасөз қызметі.