Биотехникалық іс-шаралар жануарлардың мекендейтін ортасын қорғау және жақсарту болып табылады. Бұл іс-шара ұлттық парк аумағында жануарлардың белгілі бір түрлерінің немесе топтарының көптігі мен таралуына әсер ету, сондай-ақ жануарлардың фауналық биологиялық әртүрлілігін сақтау немесе көбейту мақсатында жоспарланып, жүзеге асырылады.
Ұлттық паркттің биотехникалық шаралар жүйесі екі негізгі бағытты қамтиды:
- жануарлардың мекендеу ортасындағы немесе құстардың ұя салатын жағдайларын жақсарту арқылы биоәртүрлілікті сақтау және көбейту жөніндегі шаралар;
- жекелеген түрлердің түр құрамы мен көптігін реттеу, жануарларға көмек көрсету.
Ұлттық табиғи парк шеңберінде биотехникалық іс-шараларды жүргізу оның функционалдық аймақтарына сәйкес жоспарланады.
Және әрбір функционалдық аймақтың режимімен, міндеттерімен анықталады. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттык табиғи паркінде жабайы жануарлардың көктемгі көші-қоны кезінде ұйымдастырылған биотехниялық жұмыстар жүргізілді. Биотехникалық іс-шараның басты мақсаты - парк аумағында мекендейтін жабайы жануарларға азықпен көмек беру.
Іс-шараны мекеменің аңшы-биологтары мемлекеттік инспеторлармен бірігіп өткізді. Парк аумағында орналаскан жасанды жане табиғи сортаңдарды қыс мезгілінен кейін кайта жөндеу жұмыстары аткарылды. Сондай-ақ, жабайы жануарларға 2300 кг шөп азығы жане 900 дана жемшөптік сыпыртқылар берілді. Құрғакшылық кезінде жабайы жануарларды сумен қамтамасыз ететiн уакытша cyapy шұңқырлары салынды.
Осылай биотехниялық іс-шаралар жүргізілген жерлерде жабайы аңдардың фототұзаққа іліну мүмкіндігі өте жоғары. Фототұзақтағы фото, бейнематериалдар Ұлттық парк жұмысы үшін өте құнды ақпарат болып табылады .
Сіздерді табиғатымызға жанашырлықпен қарауға шақырамыз!
Аңшы-биолог Азамат Рахимбеков.