Тиінтәрізділер тұқымдасына жататын Алтай суыры немесе Сұр суыр (Marmota baibacina) жыл 12 айдың 7 айын ұйқымен өткізеді. Қысқы ұйқыдан оянған суырлар алдымен жаңа ін қаза басайды. Жазық аймақтарда мекендейтін суырлар таңертең және кешкі уақыттарда белсенді болса, таулы аймақта мекендейтін суырлар түнгі уақытта қорек іздеп шығады.
Ұлттық парктің аумағында суырларды жиі кездестіруге боалады. Бүгінде суырлардың саны шамамен 2921 жеті. Суырлар қоректеніп жатқан кезде 1 немесе 2 суыр жан-жақты бақылап қарап тұрады. Қауіп төнгенін сезген уақытта басқаларына дауыстап ескертеді де індеріне тығылады. Суырлардың негізгі жауы түлкі, қасқыр, борсық немесе жыртқыш құстар.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің
ғылыми қызметкері Айгерім Шәріпқанова.