Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Біз пластикке қарсымыз!» акциясы аясында Абылайхан және Тұрлыханов орта мектептерінің оқушыларын экскурсияға шығарып, пластмассаның зиянды екенін түсіндіре отырып, пластмассалық қалдықтар туралы жадынама үлестірді.
Себебі, пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр. Бір реттік қалталар, пластмасса қоқыстар туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды. Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 100 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен.
Сол себепті, экскурсанттар экскурсия барысында пластикпен ластану қазіргі заманның маңызды экологиялық проблемаларының бірі болып отырғанын паш етіп, көзілдіріктеріне «Біз пластикке қарсымыз!» деген жазу жазып, трендке түсті.