Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы экотуризмді дамыту мақсатында қолдау көрсетіп, туристік маршрутымызды күн батареясымен қамтамыз етті.
Бүгін маусым айының 30-ы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері мен «Әлет» туристік маршрутына қарасты мемлекеттік инспекторлар аталмыш туристік маршрутта орналасқан қонақ үйдің жанына күн батареясын орнатты.
Нәтижесінде бір туристік маршрутымыз жарықпен қамтамыз етілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының ұжымына осындай үлкен қолдау көрсеткендеріне алғысымызды білдіреміз!
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.