Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы мен ғылыми қызметкері, Мәскеу қаласының Зоологиялық Институтының териолог ғалымдарымен бірлесіп 2023 жылдың шілде айының 11-12 жұлдызында Ақшәулі және Кіші Әлемді учаскелік аумағында Алтай суырына (Marmota baibacina) молекулярлық-генетикалық талдауға арналған сынамалар алу мақсатында іс сапарға шықты.
Далалық іс сапар барысында суырларға арнайы торлар орнатылып, биологиялық сынамалары алынып, бақылау жүргізілді. Биологиялық сынама алынғаннан кейін, суырлар қайтадан мекеніне босатылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.