Кірпі – ежелгі, сүтқоректі жануар. Қазақстанда кірпілердің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды жерлерінде, бұта арасында, тіпті елді мекендерде құлақты кірпі ( Hemiechinus auritus) тіршілік етеді. Кірпілердің арқасын, бүйірлерін тікен (ине) басқан. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңарып отырады. Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600г шамасында болады. Жемін, әдетте түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен тіпті улы жыландармен де қоректенеді.
Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. Жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі де 35–42 күнде жылына 1 рет көктемде 3–4-тен балалайды. Орта есеппен 5 жыл тіршілік етеді. Түстерді жақсы ажыратқанымен, көру қабілеті нашар ал есту және иіс сезу қабілеттері керемет дамыған.
Құлақты кірпілердің негізгі табиғи жаулары:жыртқыш құстар, түлкілер, қасқырлар, борсықтар. Құлақты кірпілер өте епті. Олар жеткілікті тез жүгіреді және қауіп төнген жағдайда қашып кетуге тырысады.
Текст авторы: Ғылыми қызметкер Шәріпқанова А.Д.
Фото авторы: Мемлекеттік инспектор Гергенрейдер К.