Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері "Астана Халықаралық университетімен" келісімшарт негізінде, "Топырақтану институты" және "Варшава университетінің" Ph докторларымен бірлесіп 28.06. - 05.07.2023ж.ж. аралығында Ұлттық парктің аумағына далалық іс-сапарға шықты.
Іс -сапар барысында ұлттық парктің аумағында Ледебур бадамының (Аmygdalus ledebouriana) таралу аймағы анықталып, топырақ жамылғысының сынамалары мен өсімдіктің жапырақтарына хлорофилдің түзілуін анықтау мақсатында арнайы құрылғы орнатылып, мәліметтері жинақталды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.