Сәлбен (Salvia) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар тегі.
Сәлбен - тауқалақай туысына жатады. Тұқымдасында 700-ге жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық жылы аймақтарында таралған. Біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Тропикалық аймақтарда ол көпжылдық өсімдік болғанымен, біздің климаттық жағдайда тек біржылдық гүлдер. Биіктігі 20-50 см аралығында. Молынан гүлдейтін кезі шілде айынан бастап алғашқы суық түскенге дейінгі аралық. Түріне қарай гүлінің түсі ақ, күлгін, күрең, қызыл, қызғылтым болады.
Сәлбен емдік өсімдігі көп жағдайда өндірілген түрінде пайдаланылады. Қызу көтерілген кезде, тамақ ісіп қабынған кезде өте пайдалы. Бұл ғана емес, ол адамның жадын қалпына келтіруге тікелей көмектеседі.
«Тарбағатай» МҰТП аңшы-биологы.