Астралылар тұқымдасына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Омарташылар өсімдікті құнды заттары бар құнды бал зауыты ретінде бағалайды, сонымен қатар ол емдік қасиеттерімен танымал.
Олардың биіктігі 10 — 150 см.
Сабағы тік өседі, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталған, тікенекті, астыңғы жағы жұмсақ, қалың түкті, кей түрі безді түкті келеді. Лақсаның басқа туыстан ерекшелігі — себеті бір ғана гүлден тұрады. Олардың бірнешеуі топтанып сабағы мен бұтақтарының ұшында шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Себетінің сыртын 3 — 5 қатардан құралған тікенекті, жарғақты орама жапырақтар қоршайды.
Гүлі қос жынысты, түбі түтікше тәрізді біріккен ақ немесе көгілдір түсті, 5 күлтесі, жіпшелері түтікшеге біріккен 5 аталық, аузы қос тілімді аналығы болады. Тостағанша жапырақшасы түрін өзгертіп үлпекке айналған. Ол айдарша жемісінің ұшында сақталған, желмен ұшып кеңірек таралуына жағдай туғызды. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді.
Жемісі — қақырамайтын қырлы, түкті, айдаршалы тұқымша. Әр тұқымшаның (жемісі) ішінде жалғыз тұқымы болады.
Лақса — улы өсімдік, мал жемейді. Тұқымында 28%-дай тез кебетін май болады, ол техникада қолданылады.
«Тарбағатай МҰТП аңшы-биологы.