Қара кезқұйрық (Milvus migrans) - сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Ұлттық парк аумағында жиі кездеседі. Салмағы 630-950 г, қанатының ұзындығы 55-60 см-ді құрайды. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді.
Кезқұйрық – жыл құсы. Ұлттық парткің аумағына наурызда ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына, жартасқа ұялайды. Ондағы 2-3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа ұшып кетеді.
Ғылым ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.