Қазақстан аумағында елік қазіргі уақытта барлық басқа тұяқтыларға қарағанда кең таралған. Еліктердің саны азаймауы, керісінше қалпына келуі үшін әртүрлі шаралар қабылдануда, олардың бірі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру. Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің басты мақсаты -  сирек кездесетін жойылып бара жатқан аңдар мен құстардың санын қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ олардың мекендейтін жерлерін қорғау болып табылады.

ЕҚТА-ды күзету үшін мемлекеттік инспекторлар жүргізетін тұрақты рейдтік іс-шаралардың, сондай-ақ тұрақты биотехникалық жұмыстардың (азықтандыру, сортаңдарды қою және т.б.) арқасында популяцияны браконьерлерден және аштықтан аман сақтап қаламыз.

Жануарлар әлемі қауіпсіздікті қажет етеді. Мұндай аумақтардың қорғалуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етудің қазіргі, қолданыстағы мәдениеті қорғалатын түрлердің көбеюінде оң нәтижелерге әкеледі. Рейдтік іс-шаралар туралы тағы айтар болсақ, қатаң инспекторлық бақылау болмаған жағдайда және құқық бұзушылық үшін жазаланбаса, браконьерлер өздерінің кінәларын білмей, барған сайын батыл, ерсі қылықтарға барады, бұл біздің өлкеміздің табиғатына орны толмас зиян келтіреді.

Мемлекеттік инспектор Екатерина Гергенрейдер.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95