Ағымдағы жылдың 14-қыркүйегі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық паркіміздің Ақтоғай өзенінің бойында «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day 2023)» экологиялық акциясы өтті.
Акцияны өткізуге Абылайхан және Тұрлыханов орта мектептерінің Жас орманшылар одағының құрамындағы оқушылар тәлімгерлерімен және аталмыш аумаққа жауапты мемлекеттік инспекторлар жұмылдырылды. Орман шебері Б.Еділбаев қоқысты өзінің МТЗ-80 техникасымен (тіркемесімен) аудандық полигонға тасымалдады.
Акцияның мақсаты - Қазақстанның «World Cleanup day - 2023» Дүниежүзілік акциясына қатысуы елді жаһандық экологиялық акциялардың қатысушысы, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 орнықты даму мақсаттарына қол жеткізетін ел ретінде танытуға мүмкіндік.
Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Табиғат зиянды қалдықтардан өздігінен тазалана алмайды. Сондықтан біздер осындай экологиялық сенбіліктерді ұйымдастыруға атсалысамыз.
ЭАРТ бөлімі.