Түлкілер - жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Түлкіні ұлттық парктің аумағынан жиі кездестіруге болады. Жануарлардың бұл түрі өте әдемі, оған сымбатты ұзын денесі, жіңішке тұмсығы және ұзын жіңішке аяқтары ерекше көрік береді.
Бірақ түлкілердің басты мақтанышы ол - құйрығы. Оның құйрығы маңызды функцияны атқарады, соның арқасында жануар жүгіргенде кезде тепе-теңдікті сақтайды, сонымен қатар қыста аяздан қорғау үшін оған оранады. Түлкілер түнгі уақытты өте белсенді бірақ оларды күндіз де кездестіруге болады. Түнде олар күндізгіден гөрі жақсы көреді, сондықтан олар қараңғыда аң аулауды жөн көреді. Түлкілер қыста жалғыз өмір сүреді және тек жазда жұптасады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.