Ұлттық парк директоры А.Серкебаев пен бөлім қызметкерлері сонау 1983 жылдан бері орман қорғау саласында еңбек еткен ардагер орманшы Темешев Ережеп Мұқанұлын құттықтап қайтты.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз Сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!
«Тарбағатай» МҰТП ұжымы.