Туристік маршрутымыздың шырайын шұғылалы ету мақсатында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері демеушілік танытып, өз қаражаттарымен «Әлет» туристік маршрутына кіру тобы (входная группа) мен алмалардың арғы атасы саналатын Сиверс алмасының мүсінін жасап, орнатты.
«Абаттандыру жұмыстарын жүргізу» дегенде көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары ғана емес, көріктендірудің де маңыздылығын ескергеніміз абзал.
Туристік маршрутымыздың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы, жайқалған жасыл желегі, сырт келбеті мен жанға жайлылығы.
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлеріне және орман шебері Жүнісов Еділге береке-бірлікпен ұлттық паркімізге үлес қосқандарына алғыс білдіреміз!
Баспасөз қызметі.