«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде табиғатты қорғау және жануарлар дүниесіне қамқор болып, жанашырлық таныту, оларды дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз аң аулап, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу басты назарда.
Ұлттық парк аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, «Үлкеннен – үлгі, жастардан – жігер!» жобасында (#менорманшы) ардагер орманшымыз Темешев Ережеп Муканович пен ең жас орманшымыз Пугачев Александр Александровичтің қызметтік тәжірибе барысын назарларыңызға ұсынамыз.
Ережеп Мұқанұлы тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде соңынан ерген жас орманшыларға үлгі-өнеге болатындай азамат.
1952 жылы 05 қаңтарда ҚХР, Шәушек қаласында дүниеге келген. Отбасылы, 4 баласы бар. Үржар ауылында тұрады.
1991-1997 жылдар аралығында ҚазҰАУ-нің Орман және бау-бақша шаруашылығы мамандығын оқып, орман шаруашылығы инженері біліктілігін алып шыққан.
2002-2003 жылдары Талдықорған заң колледжінің құқықтану мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алған.
1972-1974 жылдары Совет армиясында азаматтық борышын өтеген.
1983-2015 жылдары «Семей орманы» МОТР, «Тау-дала» филиалы Үржар орманшылығында учаскелік техник, орман шебері, орманшылық басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылдан зейнетте. Бірнеше мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары бар.
2018-2021 жылдар аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-сінің Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2005 жылы Алматы қаласынан таксаторлар келіп, қазіргі ұлттық парк территориясының жеріне кезекті таксация өткізген. Сол кезден бастап аты жоқ бір сайға 35 жыл орман саласына еңбегі сіңген ардагер Темешев Ережеп Мұқанұлының құрметіне «Ережеп сайы» деген ат берілген. 2006 жылы картаға «Ережеп сайы» деп енгізіліп, шыққан карта ауданымызға келген.
Пугачев Александр Александрұлы 2004 жылы Үржар ауданында дүниеге келген. 18 жаста. Ең жас орманшы.
2020-2023 жылдар аралығында Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжінің Орман шаруашылығы, саябақты және ландшафты құрылыстар факультетін Ландшафт дизайны бойынша көгалдандырушы біліктілігі бойынша оқып шықты.
2023 жылы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркініне мемлекеттік инспектор болып қызметке орналасты.