Бұл фотосуреттегі кәдімгі боз жылан қазан айының 3-ші күні Тарбағатай МҰТП РММ-не карасты Келдімурат учаскесінде түсірілді.
Кәдімгі боз жылан (Gloydius halys) -улы жыландардың ішінде ең көп тараған түрі. Денесінің ұзындығы - 690 мм, құйрығының ұзындығы - 110 мм-ге жетеді. Боз жыландардың біркелкі қоңыр-қызыл немесе қара түстері кездеседі. Оларды әр түрлі биотоптарда кездестіруге болады: жазықтар мен таулы далаларда, жартылай шөлдерде, таулы ормандарда, өзен-көлдердің жағаларында, тауларда теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріле алады. Көктем мен күзде күндіз белсенді болса, жазда түнгі өмір салтын ұстанады. Қысқы ұйқыдан наурыз айының басы мен мамыр айының соңында оянады. Сәуір-мамыр айларында, қыстап шыққаннан кейін 1-2 аптадан соң шағылысу уақыты басталады. Тамыз айында денесінің ұзындығы - 160-190 мм, салмағы 5-6 г болатын, 3-14 жыландарды дүниеге әкеледі. Қазан айының алғашқы жартысында қысқы ұйқыға кетеді.
Фотоға түсірген: Орман шебері Е.Шакиров
Мақала авторы: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.