Бүгінгі «Тарбағатай» мемелекеттік ұлттық паркі» республикалық мемелекеттік мекемесінің 5 жылдық мерей тойына арналған «Ел-ырысы – ұлттық парк, жер ырысы-табиғат!» атты салтанатты жиынға ұлттық паркіміздің барлық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары қатысты. Сондай-ақ, 5 жыл бойы ұлттық паркімізбен тығыз байланыста келе жатқан мекемелердің басшылары қонаққа келіп, ыстық лебіздерін білдірді.
Жиын барысында мекеме директоры Серкебаев Айдын Серікұлы ұлттық паркіміздің қысқаша тарихына тоқтала кетті. Ал лед-экраннан мемлекеттік инспекторларымыздың жұмыс барыстары көрсетілді. Көптеген әріптестеріміз ОШЖД Комитетінің құрмет грамотасымен, Кәсіподақ ұйымының, Үржар ауданы әкімінің және «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңы «Тарбағатай» мемелекеттік ұлттық табиғи паркінің 5 жылдық мерей тойына арналған сазды концерттік бағдарламамен аяқталды.
Баспасөз қызметі.