Қазанның 17-сі күні Науалы орта мектебінің 10-сынып оқушылары ұстаздарының жауапкершілігімен «Әлет» туристік маршрутына саяхатқа шықты. Саяхат алдында балаларға техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Е.Ақжігітовтың тарапынан маршрут бойында өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жүргізіліп, журналға қол қойдырылды.
Тау ауасының салқындығы оқушылардың табиғатқа деген қызығушылықтарына кедергі бола алмады. Олар экскурсия нұсқаушысы Э.Баженовтың жетекшілігімен туристік маршруттың соңына дейін көтеріліп қайтты. Маршрут бойында Тарбағатай тауының құндылықтарымен, әсіресе әлемге әйгілі Сиверс алмасының тарихымен танысты.
Сонымен қатар балалар табиғат аясында демалып, фотосуреттерге түсіп, тамақтанып, ойындар ойнап, уақыттарын тиімді пайдалана білді! Табиғат пен оқушыларының үндестігіне себепкер болып келген АӘД мұғалімі Д.Кабдулдановқа, сынып жетекшісі Ж.Агибаевқа, кәсіптік бағдар беруші Б.Сырттановаға ризашылығымызды білдіреміз!
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.