Ұлттық паркіміздің көлік жүргізушісі, Халықаралық спорт шебері Бойко Роман 10-13 қараша күндері Комбат Джиу-джицудан Латвияда өткен XII әлем чемпионатына қатысып, спорттың Фулл-контакт (Full contact) және Клосс контакт (Close contact) түрінен 57 келі салмақта екі бірдей ІІ-орынды қанжығалап, елімізге оралды.
Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.
Р.Бойко табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы әлемдік жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білді.
Спортшымызға жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!