Жыртқыш құстар өздеріне жақындауға сирек мүмкіндік беретіндіктен оларды ажырату қиын. Бірақ қырғиды ажырату қиын емес, оның дене бітімі кішірек. Аналығы мен аталығы өзара да ерекшеленеді, аталығының түсі ашық қызғылт жолақты, көгершіннің пішініндей (аналығынан кішірек), ал аналығы керісінше сұр, қою қоңыр және ашық түстерге ие, өлшемдері үлкенірек (қарғалардан сәл кіші). Біздің ауданда бұл ұя салатын түр, негізінен елді мекендер шетінен қыста жиі кездестіреміз.
Қырғилар ұсақ кеміргіштермен, қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен, ал балапандары алғашында жәндіктермен қоректенеді. Ұяларын қатаң қорғауымен басқа түрлерден ерекшеленеді, егер адам ұясының жанына келсе де құс шабуылдайды.
Кейбір елдерде қырғимен аң аулау өте танымал, ал ежелгі Египетте бұл құстарға Құдайдың рухтары ретінде табынған.
Видео және мәтін авторы МҰТП аңшы-биологы.