Қазақстан арқары (Ovis ammon collium) - жабайы қойлардың ішіндегі ең ірісі. Арқардың аталығы «құлжа» деп аталады. Ол күшті, жартылай шеңбер түрінде иілген мүйізімен ерекшеленеді. Олар жазда - қатты құрғақшылықта, қыста - қалың қар жауғанда, тамақ іздеп ұзақ қашықтыққа қоныс аударады. Әдетте таңертең немесе кешке жайылады. Қазан-қараша айларында арқарлардың күйлеу уақыты басталады.
Мәтінді жазған: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
Видеоға түсірген: Толубаев Қ.М