Тарбағатай таулары - сирек кездесетін ағаштар мен бұталардың (Сиверс алма ағашы, ледебур бадамы, Алтай бөріжидегі және т.б.) және шөптесін өсімдіктердің (ақшыл сепкілгүл, инелі кекіре және т. б.) өсетін жері. Жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлерінің ішінде бұл аумақта арқар, аққұба сусар, қара дегелек, лашын, бүркіт және басқа құстар тобы мекендейді, мұнда құстардың алуан түрлілігі 200-ден астам түрге жетеді.
Қарабас таулары Қарабұта ауылынан 10 км қашықтықта Қытаймен шекарада орналасқан. Қарабас шөлді таулары Қазақстандағы жыртқыш құстар (ителгі, бүркіт, қара құс, жылан жегіш қыран, дала күйкентайы), қара дегелек, дуадақ, үкі, қылқұйрық бұлдырық, қара бауыр бұлдырық ұялары, сондай-ақ арқар, тас сусары, сабаншы мекендейтін негізгі аумақтардың бірі болып табылады.
Арқалы таулары "Қарабас тауы" учаскесінің оңтүстік-батысында Бақты ауылынан 8 км жерде орналасқан. Арқалы шөлді таулары, сондай-ақ Қарабас сияқты, Қазақстандағы жыртқыш құстардың (ителгі, бүркіт, қара құс, жылан жегіш қыран, дала күйкентайы), қара дегелек, дуадақ, үкі, қылқұйрық бұлдырық, қара бауыр бұлдырық ұяларының маңызды ошағы, сондай-ақ арқар, тас сусары, сабаншы мекендейтін жер болып табылады.
МҰТП баспасөз қызметі.