Бүгін, яғни 2024 жылдың 29 қаңтары күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторларына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сұрақ-жауап әдісімен үлкен жиналыс өтті. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Заңгер, директор орынбасарының м.а. Н.Дүйсекенов жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында қамтылған ұғымдарды түсіндіріп, баптарына тоқталып, мақсатымыз – сыбайлас жеқорлықты болдырмау, міндетіміз – сол мақсатты жүзеге асыру, орындау, қадағалау, іс-шаралар ұйымдастыру екендігін түсіндіріп айтты.
Баспасөз қызметі.