Барылдауық үйректердің саны үйректердің басқа түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Осы қыста өзендерде қыстайтын жабайы үйректердің саны өзеннің 1,1 км-нде 400-ден асып кеткені таңқаларлық емес. Бұл көрсеткіш құстардың қыстауы өте жақсы өтіп жатқанын білдіреді.
Қыс мезгілінде барылдауық үйректер мұз қатпаған барлық су объектілерінде жүзіп жүреді. Қауырсындарындағы майлы жабын олардың қауырсындарына су сіңірмей, құрғақ әрі жылы болуына ықпал етеді. Торлы аяқтары құрлықта да, суда да пайдалы. Өйткені олар құстардың суда жүзулеріне көмектеседі және балшық үстінде оңай жүруіне мүмкіндік береді.
Барылдауық үйректер басқа құстармен жақсы тіл табысады. Оларға ең үлкен қауіп қаршыға сияқты жыртқыш құстар мен түлкі, көбінесе қаңғыбас иттерден төнеді. Дегенмен, барылдауық үйректер қанаттарын жиі қағып, 90 км/сағ жылдамдықпен шапшаң ұша алады. Ұшқан кезде қанаттарынан өзіне тән ысқырған дыбыс шығады.
Ұлттық парктің аңшылықтанушылары.