2024 жылдың қаңтар айының 21-і күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғимаратында директор орынбасарының м.а., заңгер Н.Дүйсекеновтың төрағалығымен «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесіне Үржар аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы, Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Үржар аудандық филиалының директоры, Үржар аудандық музейінің директоры, Жас орманшылар одағының 3 тәлімгері және ұлттық парктің қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында алқа мүшелері «Парктер шеруі – 2024» табиғатты қорғау акциясын өткізу жоспары мен іс-шараларды өткізу жолдарын талқылап, өз ұсыныстарын айтып, айтылған ұсыныстар бойынша жоспарға толықтырулар енгізілді.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.