2013 жылдың 3 наурызынан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен «Дүниежүзілік жабайы табиғат күні» атап өтіледі. Оның басты мақсаты – адамдардың назарын, жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлілігіне аудару, оған қамқорлық жасаудың және жабайы фауна мен флораны бағалаудың маңыздылығын еске салу. Бұл мерекені БАҚ-ның қатысуымен сауатты өткізу қарапайым азаматтар үшін әлем туралы білімнің көкжиегін кеңейтуге және адамдар әлемінен тәуелсіз өмір сүретін жабайы табиғаттың сұлулығын көрсетуге мүмкіндік береді.
ҒАЭМБ бөлім басшысы З.Тюркер.