Наурыз айының бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдыратыны сөзсіз! Биыл бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазанның бірінші жұмасымен сәйкес келіп отыр.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсе қызметкерлері бүгінгі қайырымдылық идеясын оң көріп, Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Балапан» тобының тәрбиеленуші балаларына әртүрлі ойыншықтар үлестіріп, жүздеріне қуаныш сыйлап қайтты.
Кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Осы қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру біз үшін аса маңызды.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.